Тағамдық аллергия туралы нені білу керек

Өнеркәсіп дамыған елдерде адамдар күннен күнге аллергияға көптеп ұшырауда: Еуропада балалардың 7,5%-де азық-түлік өнімдеріне аллергия дамуда. Тағамдық аллергия респираторлық, терілік және жалпы симптомдармен байқалуы мүмкін, алайда тағамдық аллергиямен ауыратын адамдардың үштен бірінде асқазан-ішек симптомдары дамиды. Асқазан-ішек тракті тарапынан алғашқы симптомдар үлкен дәреттің бұзылуы, сұйылуы немесе диярея, ауырсыну және шаншу сияқты бұзылыстар арқылы байқалады. Тағамдық аллергия […]

Өнеркәсіп дамыған елдерде адамдар күннен күнге аллергияға көптеп ұшырауда: Еуропада балалардың 7,5%-де азық-түлік өнімдеріне аллергия дамуда. Тағамдық аллергия респираторлық, терілік және жалпы симптомдармен байқалуы мүмкін, алайда тағамдық аллергиямен ауыратын адамдардың үштен бірінде асқазан-ішек симптомдары дамиды. Асқазан-ішек тракті тарапынан алғашқы симптомдар үлкен дәреттің бұзылуы, сұйылуы немесе диярея, ауырсыну және шаншу сияқты бұзылыстар арқылы байқалады.

Тағамдық аллергия жағдайында бала организмі кейбір тамақтарды зиянды деп санайды, соның салдарынан иммун жүйесі белсенділендіріледі және осы тамаққа қарсы қорғағаш заттар бөлуге тырысады. Келесі жолы осы тамақ бала организміне түскен кезде, немесе онымен тыныстағанда немесе терісіне тиген жағдайда организм әр түрлі заттар, оның ішінде гистаминдер бөлу арқылы реакция көрсетеді. Бұл заттар аллергиялық реакция үшін жіберуші механизм ретінде әрекет етеді. Бұл түшкіру, мұрын біту, жасаурау, денедегі қышитын бөртпе, тілде піскілеу сезімі, іш ауру, диарея, ісіну сияқты белгілер болуы мүмкін.

Тамаққа төзімсіздік пен тамақ өнімдеріне аллергияны жиі шатастырады. Тамаққа төзімсіздіктің белгілері де тамаққа аллерияға ұқсас, бірақ айырмашылығы да бар – жиі кекіру, асқазанның ауырлауы, метеоризм, нәжістің сұйылуы және іш өту, бас ауру, мазасыздану. Тамақ өнімдеріне төзімсіздік болған жағдайда иммун жүйесі кіріспейді, әдетте төзімсіздік адамның асқазан-ішек трактінің ерекшеліктерін, қандай да бір затты, мысалы, лактозаны қорытуға қабілетсіздігіне байланысты. Бұл жағымсыз, бірақ тағамдық аллергияға қарағанда қауіпі сирек жағдай. Балада кез келген өнімге аллергия болуы мүмкін, дегенмен бірінші кезекте келесі өнімдерді аллергияға себеп болады деп күмәнданады:

  • сүт – әдетте сиыр сүті аллергия тудырады; қойдың, ешкінің және буйволдың сүті де аллергия тудыруы мүмкін. Сиыр сүтіне аллергиясы бар балаларда әдетте соя сүтіне де аллергия болады
  • жұмыртқа – және жұмыртқаның сарыуызында, және ақуызында аллергия тудыратын ақуыздардың бірқатары бар;
  • жаңғақтар – өнімді тұтынар алдында заттаңбасын мұқият оқу қажет, және оны әр тұтынар алдында орындау керек. Өндірушілер өнім рецептін жиі өзгертеді. Көптеген өнімдердің құрамында жаңғақ болатынын, немесе олардың жаңғақ құрамдас өнімдермен бір жерде өндірілетінін ескеру қажет. Аллергиялық реакция туындауы үшін жаңғақ ақуызының өте кішкене бөлігі жеткілікті;
  • соя – соя бұршақтарын өңдеу өнімі – балалардағы кең таралған аллергендердің бірі болып табылады. «Сояға аллергия» көбінесе нәрестелерді тамақтандыруға арналған жасанды соя қоспасы түрткі болады;
  • бидай – организмнің иммун жүйесі бидай ақуызына тым артық реакция білдіргенде аллергия пайда болады. Бастылуы нәресе кезіне тән;
  • балық – көбінесе аллергиялық реакцияны жас балықтағы ақуыз тудырады. Алайда, балық терісінен немесе сүйегінен өндірілетін балық желатиніне аллергия болуы мүмкін. Сонымен қатар, балық майының құрамында ақуыз болмаса да оны рационнан шығарған дұрыс, себебі онда балық ақуызының ұсақ бөлшектері болуы мүмкін. Цезарь салаты мен Цезарь тұздығында көбінесе балық (анчоустар) бөлшектері болады.

Аллергияны толық емдеудің мүмкін еместігі белгілі болса да, тағамдық аллергия – бала өскенде бұл қиындықтан құтылады деп үміттенуге болатын жағдай. Көбінесе өсе келе жұмыртқаға, сүтке, бидай мен сояға аллергия басылады. Балық пен басқа теңіз өнімдеріне аллергия әдетте ересек жылдарға дейін байқалуы және бүкіл өмір бойы сақталуы ықтимал.

Егер балада тағамдық аллергияға сезік болса отбасылық дәрігерге қаралу керек және ол келесі сұрақтарды қояды:

  • Симптомдары қандай?
  • Бұл көріністер қаншалықты жиі байқалады?
  • Тамақтану мен симптомдардың пайда болу арасындағы интервал қандай?
  • Отбасы мүшелерінің біреулерінде демікпе, атопиялық дерматит, тағамдық аллергия сияқты аллергиялық реакциялар байқалды ма?

Дәрігердің тағамдық аллергияны бейнелейтін жағдайды алып тастауы тиіс, мысалы, тағамдық төзімсіздік. Егер балада сүт ішкеннен кейін диарея болса және аллергияға нұсқайтын басқа симптомдар болмаса, лактозаға төзімсіздікті алып тастаған жөн. Целиакия мен глютенге төзімсіздік те аллергияға тән симптомдармен байқалуы мүмкін.

Отбасылық дәрігер аллергологтың кеңесін ұсынуы әдбен мүмкін, ол барынша спецификалық сұрақтар қояды және аллергияға арнайы тест жасайды. Мұндай тесттердің бірі теріге аллергиялық сынама болуы мүмкін, оны жасағанда баланың қолына аллергенді жағады, сол жаққан жерде сәл піскілеп, 15 минут ішінде нәтижені күтеді. Егер піскілеген жерде қызару мен ісіну байқалса нақты тағамдық өнімге аллергияның бары туралы үлкен ықтималдықпен айтуға болады, алайда аллерголог диагнозды толық растау үшін басқа да зерттеулер жасай алады. Тағамдық аллергия диагнозы расталғаннан кейін аллерголог ем жоспарын бөбектің кедергісіз өсіп-жетілетіндей, ойнайтындай және құрдастарымен бір ұжымның мүшесі болатындай етіп жасайды.

Ата-ананың бірінші және ең маңызды міндеті – баланың аллергенмен жанасуына жол бермеуге көмектесу. Бала мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке немесе үйірмеге баруды бастағанда педагогтар баладағы аллергияның болуы туралы ескертілуі тиіс. Әрине, ата-ана да баланы жақпайтын тамақты ішпеуге үйретуі қажет. Дәрі-дәрмек салатын шкафта немесе сөмкеде міндетті түрде болуы тиіс медикаменттер қатарында антигистаминді препараттардың болуы тіиістігін еске саламыз. Олар есекжем, мұрын біту, түшкіру, жасаурау сияқты аллергия симптомдарын жеңуге көмектеседі. Олардың әсер ету принципі атауынан ақ көрінеді – организмдегі гистаминдер әсері бұзылады, соның арқасында мұрын біту, түшкіру, жасаурау сияқты аллергия симптомдарының байқалу қарқыны бәсеңдейді.