Есекжем деген не және ол туралы не білу қажет

Бала денесіндегі қызғылт, төмпешіктенген дақ …Басыңа жүз ой келеді – бұның пайда болуына не себеп болды?! Терідегі қызғылт дақтың пайда болуының себебі көбінесе есекжем болып табылады. Есекжем – қышитын, қызғылт, тері деңгейінен биігірек бөртпе. Ол көптеген ұсақ дақтарды немесе олардың терідегі төмпешіктердің өзара бірігуін түзіп, дененің кез келген жерінде пайда болуы мүмкін. Бөртпе бірнеше сағат […]

Бала денесіндегі қызғылт, төмпешіктенген дақ …Басыңа жүз ой келеді – бұның пайда болуына не себеп болды?! Терідегі қызғылт дақтың пайда болуының себебі көбінесе есекжем болып табылады.

Есекжем – қышитын, қызғылт, тері деңгейінен биігірек бөртпе. Ол көптеген ұсақ дақтарды немесе олардың терідегі төмпешіктердің өзара бірігуін түзіп, дененің кез келген жерінде пайда болуы мүмкін.

Бөртпе бірнеше сағат немесе тіпті апта сақталуы ықтимал, әрі жаңа шыққан бөртпелер ескілерін алмастырып отырады. Сондықтан есекжемді өткір және созылмалы деп екіге бөледі. Өткір есекжем алты аптадан аспайды, ал созылмалы есекжем алты аптадан астам сақталады.

Есекжемнің тек аллергиялық реакциядан ғана емес, сонымен қатар қатты суықтан немесе ыстықтан, дәрі қабылдаудан, күйзелістен, инфекциядан немесе созылмалы аурудан болатынын білу маңызды. Есекжемнің ангионевротикалық ісінумен – көз бен ерін маңының ісінуімен, тіпті алақанның, табанның, тыныс жолдарының ісінуімен бірге кездесетін жағдайлары байқалады.

Көп жағдайларда есекжемнің пайда болу себебі беймәлім болып қала береді, бірақ ол көбінесе азық-түлік өнімдеріне, дәріге, үй жануарларына, тозаңға, жәндіктің шағып алуына аллергиялық реакцияға байланысты.
Кестеде балада есекжемнің пайда болуын тудыратын кейбір басқа себептер келтірілген.

Медикаменттер мен химиялық заттар – Салицилаттыр мен СҚҚП*, пенициллин, дәрумендер, тағамдық қоспалар

Азық-түлік өнімдері -Жаңғақтар, жидектер, балық, теңіз өнімдері, банан, жүзім, қызанақ, жұмыртқа, ірімшік және т.б.

Жанасатын заттар  – Жүн, жібек 

КосметиКосметикалық құралдарческие средства – Бояу, шашқа арналған лак, тырнаққа арналған лак, ауыз шаятын құралдар, тіс пастасы, әтірлер, қол кремі, сабын

Физикалық факторлар – жарық, атмосфера қысымы, жылу, суық, су, діріл

Ингаляциялық аллергендер – Жануарлар, тозаң

Инфекциялар – Стоматологиялық инфекциялар, синусит (мұрынның қосалқы қойнауының шырышты қабатарының қабынуы), отит (құлақтың қабынуы).

Саңырауқұлақшалар және басқа паразиттер – Candida тектес ашытқы саңырауқұлақшасы, қышыма, гельминттер

Ата-аналар балаға шыққан бөртпенің есекжем екенін қалай түсіне алады? Бұл бөртпелердің өзіне тән түрі бар, сондықтан оларды тану оңай. Бөртпе қызғылт түсті, томпақтанған, ортасы бозғылтырақ болып келеді, топтаса орналасауы, пішіні мен орнын тез өзгертуі мүмкін,. Мөлшеріне келсек диаметрі бірнеше миллиметр немесе алақандай болуы ықтимал. Бала бөрткен жердің қышитынына, піскілейтініне немесе ашитынына шағымданады.

Ангионевротикалық ісінуді көбінесе ауыратын, бірақ қышымайтын терінің терең қабаттарының және тері асты жасұнығының терең ісінуі бойынша танып-білуге болады. Көбінесе көз бен ерін маңы, сонымен қатар алақан мен табан ісінеді. Ауырырақ жағдайларда ісіну тыныс жолдарын бүлдіреді, бұл жағдай өмірге қауіп төндіреді.

Диагностика мақсатында отбасылық дәрігерге, аллергологқа немесе педиаторға қаралған жөн, олар көп жағдайда бөртпелердің сыртқы түріне қарап есекжемнің болуын растайды. Оның пайда болу себебін табу үшін дәрігер бұрын ауырған ауруларды, ықтимал аллергендерді, күнделікті стресс көздерін сұрайды. Егер балада созылмалы есекжем болса, онда көбінесе күнделік жүргізу қажет болады, онда күн сайын баланың барлық әрекеттері мен айналысатын істері жазылады, ішкен тамақтары тізіліп көрсетіледі, бөртпе түрі сипатталады. Баланы қан талдамасы, аллергияға ерекше тесттер сиықты диагностикалау тесттеріне жолдайды, қажет болса басқа ауруды жоққа шығару үшін қосымша тесттер жасалады.

Есекжем симптомдары көп жағдайда өздігінен жоғалады, бірақ дәрігер баланың қалін жақсарту үшін антигистаминді препараттар ұсынуы мүмкін. Олардың әсер ету принципі атынан-ақ байқалады – организмдегі гистамин әсері бұзылады, соның арқасында симптомдардың – мұрын бітудің, қышудың, бөртпенің, көз жасаураудың байқалу қарқыны азаяды. Созылмалы есекжем жағдайында оларды ұзақ уақыт бойы пайдалануға болады.
Аллергиямен тек медикаменттердің көмегімен күреспейтінін атап өткен жөн.

  • Егер балаға омырау бермеуге мыңызды себеп болмаса, баланы ең болмаса алғашқы алты ай ана сүтімен тамақтандырған дұрыс. Омырау еметін балаларда аллергияның азырақ таралатыны байқалады, сонымен қатар ана сүтімен тамақтанатын балада бұрыннан бар аллергия симптомдарын азайту мүмкіндігі болады. Алайда, егер омырау беру мүмкін болмаса немесе қарсы көрсетілімге ие болса баланы тамақтандыратын жасанды қоспаларды мұқият таңдау қажет. Қажет болса дәрігерге жүгінген дұрыс.
  • Егер 6 айға дейінгі балаға омырау емізу мүмкін болса емізу қажет, немесе 4 айдан бастап тамаққа жеңіл глютенсіз ботқа қосуға болады. Балаға тым ерте жастан әртүрлі тамақ өнімдерін беруді бастау аллергияғы ұшыратуы мүмкін. Қосымша тамақ беруді бастағанда аллергиялық реакцияның жоқтығына көз жеткізу үшін жаңа тамақты бірнеше күндік интервалмен және аз мөлшерде беретінін ұмытпаңыз. Сиыр сүті, жұмыртқа, цитрусар, жержаңғақ майы – алғашқы 6-12 айда беруден бас тартқан жөн болатын өнімдер.
  • Шаң кенелерінің санын азайту үшін үйді үнемі таза ұстау қажет, расталған аллергия болған жағдайда үйде жануар ұстауға болмайды және зең баспас үшін үйді жиі желдету қажет. Күнделікті өмірде өзіңіз қолданатын химиялық заттар саны азайтылуы тиіс, сонымен қатар аллерголог немесе отбасылық дәрігер азырақ тітіркендіретін зат ретінде ұсынған арнайы құралдарды таңдау қажет.
  • Синтетика киімнен аулақ болып, мақтадан жасалған киімдерді пайдалану ұсынылады.
  • Шылым шегуден, әсіресе бала бөлмеде болғанда немесе көшеде жаныңызда келе жатқанда шылым шегуден бас тарту қажет.

* СҚҚП (НПВП) – стероидті емес қабынуға қарсы препараттар.